Антальяда орман өртіне байланысты қонақ үйлерде эвакуация жүргізілді
Түркияның Анталья провинциясына қарасты Аксу қаласында орман өрті елді мекенге жақындап қалғандықтан, жергілікті және шетелдік туристер орналасқан екі қонақүй шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Antalya Hakkinda порталы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде Аксудағы қонақүйлердің бірінен жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтардың эвакуацияланған сәті жарияланды. Бұл орман өртінің алдын алу мақсатында жүзеге асқан.
Бұған дейін Анталья провинциясында болған ауқымды орман өрті салдарынан Белек аймағындағы қонақ үй де эвакуацияланғаны хабарланған еді. Ал Аланья сияқты кейбір курорттық өңірлерде демалушыларға тікелей қауіп төнбесе де, қонақүй аумағында түтіннің иісі сезілген.
Қазіргі таңда аймақта төтенше қызмет өкілдері өрттің таралу қаупіне байланысты жұмысын жалғастырып жатыр.

