Жаңалықтар

Қант өндірушілерге қосылған құн салығы бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылмақ

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты
Қант өндірушілерге қосылған құн салығы бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылмақ
Фото: inbusiness.kz 21.09.2022 11:55 1146

Балық өңдеушілерге қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Түзетулердің келесі блогы отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған. Балық аулау кәсіпорындары балық өңдеген кезде қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылады. Қазір мұндай жеңілдікті балық өсіруші қожалықтар қолданады», - деді Ә. Қуантыров.

Бұдан бөлек ол қант өндірісін ынталандыру үшін қант құрағы импортын қосылған құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту ұсынылып отырғанын айтты.

«Келесі норма тазартылған алтынды сатуға қатысты. Қазір Ұлттық банкке мұндай алтынды сату қосылған құн салығынан босатылады. Осы норманы алтынды зергерлерге де сату кезінде қолдану ұсынылады», - деп нақтылады министр.

Атап айтқанда, бүгін палата депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжат Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға