Әнші Төреғалидың қарындасы мен күйеу баласы африкалықтарға құдық қазып берді
14.05.2023 11:48
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Отандық спортшы Дархан Нортаев пен танымал блогер Фариза Төреәлі Африкаға барып құдық қазды. Олар суға аса мұқтаж қара нәсілді халыққа ауыз суға қол жеткізуге мүмкіндік жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаев өзінің Instagram парақшасында жазды
Бала кезімде әкеммен бірге National Geographic арнасын жиі көретінмін. Сол кезде Африканың табиғатына қызығып және сол жақтағы халыққа көмектескім келетін. Есейген сайын оның бәрі ұмытылып кетті. 4 ай бұрын Меккеге барғанымда, Алла белгі бергендей телефоннан құдық жайлы видео шықты, маған арманымды еске түсіргендей болды. Сол сәтте құдық салып берейік деп шештік. Ал бүгінгі таңда аманатымыз толық жұмысын атқарып, адамдар таза сумен сусындап жатыр", - деп жазды джиу-джитсу шебері Дархан Нортаев.
Қазақстанда кеңінен танымал жұптың бұл ісін оқырмандары ризашылықпен қабылдаған.
"Жақсылығыңыз Алладан еселене қайтсын", "Алла разы болсын, бауырым", "Алла сендерге орасан мол сауаптан жазсың! Өте игі, үлгі аларлық жақсылық! Халыққа тигізер жақсылықтарын көп болсын!" деген мағынаға саятын пікір жазып қалдырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

