Жаңалықтар

Әнші Роза Әлқожа тұңғышын үйлендірмек

Әнші Роза Әлқожа тұңғышын үйлендірмек
Фото: instagram.com/roza_alqozha 08.11.2023 14:28 1421

Қараша айының басында Алматыда концерт берген әнші Роза Әлқожа жақын күндері тағы бір қуанышты жайт күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі «Мархабат» бағдарламасына берген сұхбатында алдағы аптада тұңғышын үйлендіретінін мәлімдеді. Осылайша қос қуанышы қатар келіп жатқанын алға тартты әнші.

Концертке бұл жолы алты ай бұрын дайындықты бастадым. Атын да алдын ала ойластырып қойдым. Менің асығып жүргенім ұлымның келін әкелуіне көрінген екен. 15 қараша ұлым Бейбарыс үйленейін деп жатыр. Алғашқы қуанышымыз болған соң күн санап күтіп жүрмін. Марқұм атам: «Екі дүниең аман болсын, екі тойың қатар болсын!» деген сөзді жиі айтатын. Концерттің арты тойға ұласып жатыр, – дейді Роза Әлқожа.

Өнер иесі ерте тұрмысқа шығып, 19 жасында ана атанған екен, енді 40-қа таяған шағында ене атанбақ.

Бейбарысты да 19 жасымда босанып, алғаш ана атандырып еді. Міне, 40-қа келгенде ене болып жатырмын. Ене болуға ешкім дайындалмайтын шығар. Дінде де ержеткен ұл мен бойжеткен қызды отау құруға асықтыру керегін айтқан. Сондықтан ұлымның талабын қолдап, батамызды бердік, – дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға