Жаңалықтар

Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды

Әнші Қайрат Нұртас Қарағанды әкімінің ашуын тудырды
Фото: Видеодан алынған кадр 15.05.2024 17:48 23646

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов аялдамаларда бей-берекет ілініп тұрған жарнамаларға шүйлікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім сол жарнамаларды жабыстырып кететін тұрғындарды коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына құрметпен қарауға, қаланың тазалығына мұқият болуға шақырды.

Елестетіп көріңізші, өз үйіңізде не пәтеріңізде өмір сүріп жатырсыз, терезеңізге біреулер хабарландыру іліп кетеді, оны жуып-тазаласаңыз, тағы іліп кетеді, тағы тазалайсыз, ендігіде кетпейтін желіммен жабыстырып қояды. Ішің ашиды, ренжисің, ашуланасың, солай ма? Біздің аялдамаларға осындай бей-берекет жарнамалар жабысып тұрғанын көрсем, менің де ашуым келеді. Сондай адамдардан әлеуметтік желілер не үшін деп сұрағың келеді? Қалай болсын солай ілінген хабарландырудан қарағанда әлеуметтік желілердің қамтитын аумағы кеңірек. Уақыт өте келе бұл хабарландырулар тіпті қорқынышты көріне бастайды. Ал біздің жігіттер соның бәрін жақсылап жуады. Әсіресе кетпейтін желімді жуудың азабын айтыңыз.

Әр аялдамаға хабарландыруларға арналған тақтайша іліп қойдық, сол жерге жабыстырыңыз. Егер бұл доғарылмаса, онда қалай болсын солай жазалаймыз. Амал жоқ, - деп ескерту жасады әкім.

Тиісті жерге ілінбеген Қайрат Нұртастың концертінің хабарландыруы да қала басшысының ашуын туғызды.  

Жарнама агенттерімен сөйлесіңіздер. Бұл жерде дұрыс болғанымен, олар ғимараттардың қабырғаларына, өтпелдерге, аялдамаларға да іліп кетеді. Мұндай болмауы керек. Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдамағанмын. Оның сүйкімді түрі барлық жерде ілулі тұр, тіпті тыйым салынған жерлерде де, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кожухов Мейрам (@meiram_kozhukhov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға