Жаңалықтар

Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың тойы шынымен бейнебаянның түсірілімі ме

Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың тойы шынымен бейнебаянның түсірілімі ме
Фото: instagram.com/bereke_studio 13.12.2023 15:00 2179

Жазда шаңырақ көтерген зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жары Жәмилә Тоқанова «Көреміз» бағдарламасында тойларына қатысты бар шындықты айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.  

Әншінің бұрынғы әйелі Кенжебек Нұрдолдайдың тойды фейк деп айтқаны өтірік екенін мәлім етті.

Әрине, өтірік. Тойдың болғаны ақиқат. Шынымен де не үшін олай деп айтқанын білмеймін. Мүмкін халықтың сынынан қорыққан шығар, - дейді ол.

Сондай-ақ, Жәмилә Тоқанова отбасылық өмірде күйеуінің өзіне қол көтергенін айтты.

Кенжебекке қарсы келгенімде, ашуланғанда қол көтеретін. Оның қасында маған ұнамайтын әйел бар. Ол бұрынғы қызын қонаққа шақырамын деп айтатын. Ал мен «үйге әкелме, мен оған шай бергім келмейді» дейтінмін. Кейде ренжіскенде телефонымды алып алатын. Өте мейірімді адам ретінде көрінетін. Мен оны танып үлгермедім, - деді әншінің бұрынғы әйелі.

Оған қоса Жәмилә Кенжебек екеуінің некесі заңды түрде тіркелмегенін, әншінің түрлі сылтау айтқанын да жасырмады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға