Жаңалықтар

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден қайтыс болғаны белгілі болды

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден қайтыс болғаны белгілі болды
Фото: Zhuldyz TV/видео кадры 07.10.2024 17:00 13286

ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан мәлімдеді.

«Өзіңді «тамағына құс ұялаған әншісің» деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… «Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін» деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде… Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің… Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді… Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке, – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Гүлнар Сиқымбаева – отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнар Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде әндері бар. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға