Әнші Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды
05.10.2024 10:05
Фото:
facebook/Оралхан Дәуіт
Белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды. Оның жаназасы ертең 6 қазан күні Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қаралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт желі парақшасында жазды.
Қайран, Гүлнәр әпке...
Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.
Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...
Алла Тағалам о дүниеңізді берсін,-делінген жазбада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

