Жаңалықтар

Әнші Ерлан Көкеев Түркияда адам қағып, Қазақстанға қашып кеткен

Әнші Ерлан Көкеев Түркияда адам қағып, Қазақстанға қашып кеткен
Фото: instagram.com/abk_toby 11.12.2023 16:44 27241

Журналист Гүлмира Әбіқай Түркиядағы қазақтардың кезекті оқиғасын айтып берді. Ол Аланияда әнші, "АБК" тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевке іздеу салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы маған Лера (видеодағы) жазда Анталияға барғанымда айтқан еді. Содан бері Ерланға (Көкеев) 2-3 рет хабарластым. Көмекшісі алды, жол апаты жайлы білмейтінін айтты. Ерланға бәрін жеткіздім деді, Көкеев ләм-мим. Оқиға былай, Лера 26 жылдан бері Түркияда тұрады. Жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысады. Теңіз жағалауындағы шаһарға Қазақстандық әншілер легі аттанғанда жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысады. “Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар екен, үлгілі әке ретінде көрдім” дейді Лера. Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды, ол таныстарын әкеп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады, - деп жазды Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында.

Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Алайда денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалған.

Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтереді. “Көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34мың € болды. Оны өтегенше Ерлан мен әйелі жанымнан шықпай, өлердегі сөздерін айтып, арашалауын өтінді. Алғашқы шығындарды өтеген соң Көкеев көлеңкесін көрсетпей кетті” деп назын білдірді Лера. Басында телефонын алмай, кейін Лераның нөмірін мүлдем бұғаттап, өзі Қазақстанға тайып тұрса керек. Қазір бүкіл Алания АБК-ң экс әншісін шарқ ұрып іздеп жүр, - деп жазды журналист.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға