Жаңалықтар

Әнші Динара Сұлтан некесін неге алты бала туғаннан кейін қидырғанын түсіндірді

Әнші Динара Сұлтан некесін неге алты бала туғаннан кейін қидырғанын түсіндірді
Фото: instagram.com/dinara_sultan1 30.11.2023 16:02 5248

Әнші Динара Сұлтан күйеуімен ресми түрде некесін қидыруға неліктен асықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзіне қарағанда, бұл ой әзіл ретінде басталған.

Жолдасымыз екеуміз танысқанымда «маған бес бала туып берсең, саған үйленемін» дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Koskeldiyeva (@dinara_sultan1)

Өнер иесі жастарға тым асығыс қадам жасамауға кеңес берді. Себебі еш ойланбастан шаңырақ көтеріп, оның соңы ажырасумен аяқталатын жағдайлар көбейген.

Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін о бастан түсіндім, оған күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін – әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. Өкінішке қарай, 114 мемлекеттің ішінде Қазақстан 16-орында. Менің айтарым асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы – баланс, - деді Динара.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын әнші алты баласының әкесі Ерлан Қожасбаймен ресми түрде некелескенін мәлімдеген болатын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Koskeldiyeva (@dinara_sultan1)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға