Жаңалықтар

Әнші Айдана Меденова орамалын шешіп жатқан блогерлер туралы айтты

Әнші Айдана Меденова орамалын шешіп жатқан блогерлер туралы айтты
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage 07.09.2023 14:25 11909

Әнші Айдана Меденова хиджабты шешуге қатысты желідегі оқырманының сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесіне "Орамалды шешуге бола ма? Блогерлер шешіп жатыр" деген сауал қойылады. Айдана Меденова адамның кемшіліксіз болмайтынын айтып, үнемі нәпсімен күресіп жүретінін жеткізген.

Бәрі деген кім ол? Қызықсыздар. Сонда адамның бәрі идеал болады деп ойлайсыздар ма? Орамал тақса адам өзі үшін тағады. Одан адам тақуа болып кетпейді. Аллах айтты ма "ки" деп, киеді. Алланың сөзін таңдауға болмайды екен. Құранның мына жері маған ыңғайлы, мен жасай алам, ал мына жері маған келмейді, ол міндетті емес деп. Ислам заңдарын өмірімізге қаншалықты енгізсек, соншалықты иманымыз күшейеді. Бірақ ол бір сәтте бола қалмайды. Өмір бақи нәпсімізбен күресіп жүруіміз керек, - деген Айдана Меденова.

Айта кетейік, көпшілікке ”КешYou” тобы арқылы танымал болған Айдана Меденова соңғы кездері сахнадан көрінбей кетті. Енді тіпті ән айтқысы жоқ. Бұған себеп, әншінің оранып, дінге бет бұруы болып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға