Жаңалықтар

Әнші Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетті

Әнші Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетті
Фото: instagram.com/aliokapov 19.09.2023 17:48 1947

Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында көпшілікке ұлының суретін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зейін бүгін 7 айға толды. Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң, екі бөлек адам сияқты. Шынымен де уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім аман-есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын, балам, – деп жазды өнер иесі.

Әнші Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетті

Сурет: instagram.com/aliokapov

Ақерке Бүркітбай болса ұлының әкесінен айнымай қалғанын айтады.

Әкесінен аумай қалған ботақаным! Аман бол! Денсаулығың мықты болып, нағыз азамат болып ер жет. 7 айға толуыңмен, – дейді әнші.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұпқа тіліктерін жаудырды.

«Анасынан аумай қалыпты, аман болсын», «Тура Роза апай ғой», «Бақытты болыңдар, керемет отбасы», «Алла тіл-көзден сақтасын», – деп жазды оқырмандар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға