Жаңалықтар

Әнші Абай Бегей әйелімен төсекте аунап, жұрттың сынына қалды

Әнші Абай Бегей әйелімен төсекте аунап, жұрттың сынына қалды
Фото: Видеодан кадр 23.10.2023 10:43 8794

Шымкенттіктермен құда болған әнші Абай Бегей оңтүстіктің салт-дәстүріне таңданысын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құдалықта келіннің төркіні жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасады.

Құдалық, жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен, Маңғыстауда жоқ салттарды көріп қызықтап жүрміз. Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарынан көріп, құдалармен туысқандығымызға бүгін мөр қойылып жатыр. Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый-сияпат, гауһар тас, шапандарын жаудырып жатыр. Жастар бақытты болсын, - деп жазды әншінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әншінің әйелімен бірге көпшіліктің көзінше төсекте аунағанын көрген желі қолданушылары сынай жөнелді.  

Шымкенттің осы дәстүрі бір түрлі”, “Жастардың төсегіне бөтен адам жатуға болмайды”, “Осы тіпті ұят”, “Ерсі көрінеді”, “Бұл қайдан шыққан ырым”, “Осы енді дұрыс емес- ау, - деп жазды желідегілер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға