ҚТФ

Анна Данилина Токио турнирінің финалында жеңілді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық жұбы Александра Круничпен бірге Жапонияның Токио қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында өнер көрсетіп, чемпион атағына бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финалдық кездесуде Данилина мен Крунич дуэті венгриялық Тимея Бабош пен бразилиялық Луиза Стефани жұбынан 1:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Бұл финал Анна Данилина мен Александра Круничтің биылғы маусымдағы үшінші шешуші ойыны болды. Бұған дейін олар Кливлендтегі турнирде чемпион атанып, сондай-ақ Ролан Гаррос пен Қытайдың Ухань қаласындағы жарыстарда финалға дейін жеткен еді.