Жаңалықтар

Анна Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді

Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды
Анна Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді
Фото: ҚТФ 09.01.2023 13:53 968

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, А.Данилина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді.

Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

А.Данилина үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында бүгін осы жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Барбора Крейчикова – аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.

Тартысты кездесуде бірінші партияда қазақстандық-үндістандық жұп басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді А.Данилина С.Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға