Англия мен «Арсеналдың» жұлдызды ойыншысы карьерасын аяқтайды
18.08.2023 15:21
Фото:
instagram.com/theowalcott
Лондонның «Арсенал» клубының қорғаушысы Тео Уолкотт 34 жасында карьерасын аяқтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу видеосын жариялаған.
Уолкотт Англия премьер-лигасында 397 матч өткізіп, 80 гол соқты, сонымен қтара 56 нәтижелі пас берді.
«Саутгемптонның» тәрбиеленушісі. 2006 жылы «Арсенал» оны 12 млн фунт стерлингке сатып алды. «Арсенал» сапында Тео Англия кубогы мен екі рет Лига кубогын жеңді.
Сонымен қатар «Эвертон» клубында өнер көрсетіп, кейіннен «Саутгемптонға» оралды.
Тео Уолкотт Англия құрамасымен 47 матчқа қатысты. 2006 жылғы әлем біріншілігінде команданың ең жас ойыншысы болды. Ол кезде Теоның жасы 17 жастан 75 күн асқан еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

