Жаңалықтар

Ангинаны қалай емдеуге болады?

Жедел жұқпалы аурулардан сақтану жолдары
Ангинаны қалай емдеуге болады?
Фото: © El.kz 26.11.2021 16:41 64683

 

Салқын түскеннен кейін, климаттың ауысынан тамақ аурулары күрт белең алып кетеді. Әсіресе ангина ауруы жиі бас көтереді. Тыныс алу жолдарын қабындырып, ағзаны әлсірететін ангинадан қалай сақтануға болады?Осы орайда ангинаның алдын алу және емдеу жолдары туралы ақпарат беретін боламыз.

Ангинаны қалай емдеуге болады?

 

Әлдебір жағдайда сырқаттанған адамнан: «Бұрын қандай аурулармен ауырдыңыз? – деп сұрай қалсаңыз ол: «Соншалықты айта қоярлықтай күрделі аурумен ауырғам жоқ» — деп жауап береді. «Дегенмен есіңізге түсіріңізші» деп өтінсеңiз ғана: «Тек ангинамен (ангинамен) жиі ауырамын. Кей уақытта ептеп тұмауратып қана қоямын. Ал сондай айта қоятын күрделі аурумен ауырғаным жоқ», – дейтіні бар. Мұндай жауапты дәрігерлер өзінің күнделікті тәжірибесінде жиі естиді. Сонымен күнделікті өмірде, адамдардың ангина ауруына қалай болса солай қарайтыны байқалады. Тіпті осы күрделі емес аурудың салдарынан ауыр халге: ревматизмге, бүйрек, буын ауруларына шалдығуға болады. Сөйте тұра адамдар бұл ауруға сониналықты мән бермейтіні өкінішті.

 

Ангина – ертеден белгілі аурулардың бірі. Дегенмен осы «белгілі» ауру қазіргі уақытта адамдар арасында жиі кездеседі. Яғни тұмаудан кейін екінші орында тұр. Бұған жоғарыда айтылған ауыр асқынуларды (ревматизм, бүйрек, буын аурулары ) әкеліп соқтыратындығын қоссақ оның жай күрделі ғана емес, сонымен бірге өте күрделі ауру екендігі даусыз. Сондықтан, әрбір адамның бұл аурудың пайда болу себептерін, оның алғашқы белгілері мен емделу, одан сақтану шараларын және ауырған адамдарды қалай емдеу жолдарын білулері керек. Ангина жұқпалы ауруларды бірі. Онымен үлкендер де, балалар да ауырады. Ол қалай пайда болады? Бұл істе қоздырғыш микробтардың үлкен әсері бар. Олар: стрептококк, стафилококк, тағы басқа микробтар. Бұл қоздырғыш микробтар ауырған адамдардың жұтқыншағында сау кездерінде де бола береді. Ал ауырған кезде олар бірнеше есе көбейіп кетеді. «Егер ауырмаған адамның жұтқыншағында осы қоздырғыштар жай уақытта кездесетін болса, онда адам неге ангина мен ауырмайды?» – деген орынды сұрақ тууы мүмкін. Іс жүзінде қоршаған ортаның әр түрлі зиянды әсер ететін ықпалына, әсіресе денеге әр түрлі аурулардың қоздырғыш микробтарының енуіне байланысты адам денесінде қарсылық күш деп аталатын, яғни дененің қарсылық көрсететін қабілетін көтеретін бейімделу пайда болады. Бұл қарсылық көп жағдайларда әр түрлі қоздырғыш микробтармен күресте адам организмін жеңіске жеткізеді. 

Егер адам денесінің қарсылық күші нашарласа, онда жұтқыншақтағы микробтар ауруды қоздыра алмайды. Адам ангинамен организмнін қарсылық күші әлсіресе, микробтарға қарсылық көрсететін қабілеті нашарласа ғана ауырады. Бұл жағдайда адам денесінде қоздыргыш микробтардың саны көбейіп, организмнің қарсылық күші жеңеді. Сөйтіп, әр түрлі ауруларды, соның ішінде ең алдымен ангина ауруын қоздырады. Сондықтан әрбір адам өз организмінің қарсылық көрсету күшін сақтай білгені жөн. Бұл үшін ол қарсылық күшті жоятын, немесе нашарлататын себептерді жақсы білуі қажет. Бүкіл организмнің, немесе қолдың, аяқтың, тамақтың қатты салқындауы организмнің қарсылық көрсету күштерін, нашарлатуға себепкер болады. Ангинамен ауырып дәрігерге келгенде, ауырған адамдардың көпшілігі сырқаттанар алдында жеңіл киіммен далаға шығуы, суық су, сыра, арақ ішкендігі белгілі болады. Ал балалар көбіне (балмұздақ жегендіктерін естеріне алады.

 

Coнымен бірге әр түрлі теріс әсер ететін өндірістік жағдайлар да дененің қарсылық ету күшін азайтады. Әсіресе ауа температурасының өзгеруі, ауаның шаң-тозаңды болуы адам организмінің қарсылық күшін әлсіретіп, қоздырғыш микробтардың көбеюіне жол береді. Ангинаның шығуына мұрын мен оның маңайындағы қуыстардың талаурап ауруы да себепкер болады. Әдетте мұрын арқылы дем алғанда ауа тазарады, жылынады. Сонымен бірге дымқылданып барып жоғарғы тыныс жолдарына өтеді. Ал мұрын мен оның қуыстары таларап ауырып, дем алу қиындаса онда адам ауыз арқылы дем алып, суық ауа жұтқыншақ арқылы өтеді. Сөйтіп ауа дұрыс тазармайды, жылынбайды және оның үстіне дымқылданбайды. Сөйтіп жоғарғы тыныс жолдарының әр түрлі ауруларына немесе ангинаға әкеліп соқтырады.Үнемі өзгермейтін бір тектес тамақ ішу, әсіресе дәрумендердің жетіспеуі, әр түрлі жұқпалы аурулар организмнің қарсылық күшін азайтып, адамды әлсіретеді. Алғаш жұтқыншақта бірдеңе тұрғандай болып, тамақ жұтқызбайды. Сонымен бірге бас ауырады, адамның жүзі солғын тартып әлсіздік пайда болады, дене қызуы алғашқы күннің өзінде 38-39 градусқа жетуі мүмкін. Кей жағдайда дене түршігіп, ауырған адам төсекте жатып-ақ, жылы орануға тырысады. Екінші, үшінші күндері тамақ бұрынғыдан гөрі қаттырақ ауырып, сонан соң ауырғаны ептеп қайтуы мүмкін. 

Ал, кейде тамақ тiптi қатты ауырып, ұйқы бермеуі де, тамақ ішуден қалдыруы да мүмкін. Ауырған адамның аузында сілекейі көбейіп, даусы қарлығады, сөйлеген сөзі түсініксіз болады. Тамақ бездері шошып, оларды ептеп қолмен сәл басса ауырады. Әдетте ауырмаған адамның жұтқыншағын қарасаңыз онда екі жағында тұрған бадамша (жұтқыншақ бездер) деп аталатын бездерді көресіз. Олар қызғылттау келген сілекейі қабықтармен жабылған. Бұл бездердің көрініп тұрған беттері біркелкі емес, бүршік-бүршік болып келеді, ал бүршіктердің арасында тесік болады. Ол тесіктер бадамша бездердің өн бойына кетеді. Бұл саңлауларда әдетте микробтар мен әр түрлі тамақтардың қалдықтары тұрады. Міне осы бадамша бездердің талаурауы ангинаның негізгі белгісі болып саналады. Ангинамен ауырған адамның жұтқыншағын қарасаңыз, онда бадамша бездердің ісініп, үлкейіп қызарғанын көресіз. Кейде бездердің қызарып көрініп тұрған беттерінде тарының дәндеріне ұқсас сарғылт ақ дақтар пайда болады, олар ұсақміріңдер. Осы ұсақ іріңдер бірте-бірте үлкейіп жарылады да, бадамша бездердің бетінде сұрғылт ақ түстес жол-жол бозамықтар пайда болады. Еске сала кететін бір жай – осы айтылған өзгерістер, тек бадамша бездердің бетіне шығып көршілес тіндерге таралса, онда ол басқа жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Егер ауырған адам дер кезінде дәрігерге қаралып емделетін болса, онда жоғарыда айтылған бадамша бездердің бетіндегі дақтар мен бозамықтар екі-үш күннің ішінде сал болады да, ауру асқынбай, сәтті аяқталады. Ал дер кезінде дәрігерге қаралмаған, емделмеген жағдайда сырқат ауыр түрде өтеді, асқынып, жүректі, бүйректерді, буындарды, тағы басқа да органдарды ауруға шалдықтырады. Сондықтан аурудың бірінші белгілері, тіпті аурудың жеңіл турінің өзі асқынуға әкеліп соғуы мүмкін, екіншіден, бадамша бездерінің талаурауы басқадай жұқпалы ауруларда байқалатындықтан, ол ауруды уақытында анықтап, оның таралып кетпеуі үшін алдын ала шара қолдану қажет.

 

Емделу жолы

 

Ауырған адам бездердің бетіндегі дереу төсекке жатып, жылыдай бозамықтар сұйық тағам ішіп, мойынға компресс жасауы керек. Шүберекті араққа, немесе жартылай су қосқан спиртке малып мойынға тартып, үстінен су өткізбейтін қағазбен жабады. Оның сыртынан мақта салып дәкемен мойынды орап тастайды. Ауызды, тамақты сода ерітіндісімен немесе бір стақан суға бір шайқасық бор қышқылы ерітіндісін қосқан ерітіндімен шайып, сульфаниламид препараттарын қабылдау керек. Ал сырқат ауыр түрде өтетін болса, онда бұлшық ет арасына инемен жіберілетін пеницилиннің тиісті дозасын қабылдау қажет.

 

Сақтану шаралары

 

Ангина, жоғарыда айтқандай, өте жұқпалы аурулардың бірі. Сондықтан бұл аурумен ауырған адам маңайындағы адамдар үшін қауіпті болып табылады. Осыған байланысты ауырған адамды мүмкіндігінше бөлек бөлмеге немесе бір бөлменің бұрышына шымылдықпен бөлектеп жеке жатқызған жөн. Ауру адам жатқан бөлмені таза ұстау, ауасын жаңартып тұру керек. Бөлменің шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп, терезені күн сәулесі мол түсетіндей етіп ашып қойған жөн. Өйткені, таза ауа мен күн сәулесінің әсерінен микробтар тез қырылады. Науқасқа жеке ыдыс-аяқ және орамал берген дұрыс. Онын ыдыс-аяғын қолданған сайын қайнатып, тіпті болмаса ыстық сумен жуып отырған жөн. Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды қол орамалмен қалқалау кажет. Ауырған адамның жанына жас балаларды жақындатпаңыз. Өйткені олар ангинамен тез ауырады. Ауруды: күтуші адам әрқашан қолын сабынды сумен жуып отырғаны дұрыс. Осындай шараларды қолданғанда ғана ангинаның басқа адамдар арасына тарап кетуінен сақтануға болады. Ангинадан сақтануда ауыз бен тісті таза ұстаудың үлкен маңызы бар. Құрт жеген тістерде микробтар көп болады. Сондықтан ауызда ауырған тіс болса, онда дәрігерге қаралып алғызып тастау немесе емдету керек. Ангинадан сақтануда мұрын арқылы демалуды дұрыс.

 

Ангинадан сақтану үшін бадамша бездерінің ұзаққа созылған тамаурауын емдеудің ерекше маңызы бар. Бадамша безі ауырған адамдар құлақ, мұрын ауруларының маман дәрігеріне көрініп, немесе бадамша бездерін алғызып тастағаны. Бұл шаралардан басқа бүкіл дененің қарсылық көрсететін қабілетін көтерудің де маңызы аз емес. Атап айтқанда күн режимін дұрыс ұстау, уақытында және витаминдерге бай әр түрлі тағамдар ішу, уақытымен демалу, жеткілікті ұйқы, дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен шұғылдану керек. Бұл шаралар адамның организмін шынықтырып, оның қарсылық көрсету қабілетін көтереді, тіпті ангинамен ауырып қалған күнде 0,1 өте жеңіл түрде өтіп, оны асқынудан сақтайтын болады. Әрбір адам осы айтылған шараларды жүзеге асырса, онда ел арасында жиі кездесетін ангина ауруына қарсы күреске, оны азайту жолындағы мемлекеттік маңызы бар іске өз үлесін қосатын болады.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға