Instagram/angelina_lukas1997

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

21.05.2024 05:26

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Белгілі болғандай, отандасымыз рейтингтік сында индонезиялық Харма Естимен шеберлік байқасады. 

Мен саған бокс мектебіміздің деңгейін көрсетемін. Бұл менің кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегім болмақ. Кеттік! 30 мамыр күні шайқас!", - деп жазды боксшы.