Андрей Голубев Баня-Лукадағы турнирдің финалында жеңілді
13.08.2023 21:25
Фото:
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Баня-Лукадағы (Босния және Герцеговина) "Челленджер" турнирінің финалында ойнады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Андрей Голубев украиналық теннисші Денис Молчановпен бірге финалда румыниялық-аустриялық жұп Виктор Влад Корня мен Филипп Освальдпен кездесті.
Қазақстандық-украиналық теннисшілер қарсыластарынан 6:3, 1:6, 13:15 есебімен ұтылды.
Матч 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Голубев пен Молчанов бір эйс жасап, алты қосарлы қателік жасап, үш брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Айта кетейік, қазақстандық-украиналық теннисшілер супер тайбрейкте үш матч пойнтты өз пайдасына жарата алмады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

