Қанат Ислам қыркүйекте жепе-жек өткізеді
05.08.2022 01:16
Фото:
massaget.kz
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды, деп хабарлады El.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады. Бұл қазақ боксшының 26 ақпан Плант-Ситиде өткен бокс кешінде карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі бірінші айқас болмақ. Ол кезде Қанат WBO Global титулы үшін кездесуде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.
Қазіргі таңда қазақстандық Окснардта (Калифорния) бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жатыр.
Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің ТОП-15 тізімінен шығып қалған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

