Анастасия Молчанова XVI Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына стенд атудан алғашқы жүлделер түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Скит бағдарламасында әйелдер арасында тәжірибелі Анастасия Молчанова 3-орын алды. Ұлттық құрама спортшысы финалда 45 ұпай жинады.
Финал нәтижесі:
1. Цзян Ютин (Қытай) - 57 ұпай
2. Че Юфэй (Қытай) - 56 ұпай
3. Анастасия Молчанова
4. Махешвари Чаухан (Үндістан) - 35
5. Адель Садақбаева (Қазақстан) - 23
6. Ольга Хайлова (Қазақстан) - 15
Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, іріктеу нәтижесінде командалық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасы 339 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Мұнда да Қытай командасы 342 ұпаймен топ жарса, Үндістан үштікті түйіндеді (329 балл). Ал ерлер арасында скиттен Ұлттық құрама спортшылары ақтық сынға шыға алмады.
Еске салсақ, ертең скит бағдарламасында жасөспірімдер жүлдеге таласады.

