Жаңалықтар

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Фото: olympic.kz 07.01.2025 20:30 335

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.

Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Анастасия Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар 2024 жылғы әлем чемпионатында спортшымыз могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға