Жаңалықтар

Anadolu Group Қазақстанға 215,6 миллиард теңге салық төледі

Anadolu Group Қазақстанға 215,6 миллиард теңге салық төледі
Фото: ҚР ҰЭМ 08.06.2023 13:48 913

Елордада Әлібек Қуантыров Anadolu Group холдингінің төрағасы Тунжай Өзілхан, Coca-Cola Icecek компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы аймақтық директоры Эрдинч Гузель және Efes Kazakhstan-ның бас директоры Курт Ертанмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр Түркия Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Қазақстан мен Түркияны 30 жылдан астам достық қарым-қатынастар байланыстырып келеді. Бүгінде екі ел арасында негізгі салаларда ынтымақтастық орнатылып, экономикалық келісімдерге қол қойылды, - деді ҰЭМ басшысы.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. Министр Қазақстанның салық саясаты инвесторлар үшін тиімді екенін хабарлады.

«Anadolu Group» Қазақстан нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестициясы $704,9 млн құрайды, компания 215,6 миллиард теңге салық төледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға