Жаңалықтар

«Ана да, балалар да хәл үстінде»: Төртем дүниеге келді

«Ана да, балалар да хәл үстінде»: Төртем дүниеге келді
Фото: asiaplustj.info 17.01.2024 11:48 3408

Тәжікстанның Хуросон ауданында 27 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді. Дәрігерлердің мәліметінше, дүние есігін ашқан балалар мен аналарының жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бури Вохидов атындағы Хатлон клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, 14 қаңтар күні салмағы 1 келі 600 грамм мен 1 келі 700 грамм салмақтағы екі ұл мен екі қыз дүниеге келді. Балалардың анасы Мижгона Асоеваның жағдайы ауыр. Осыған дейін ол, бір рет құрсақ көтерген.

Балалардың дүниеге келгеніне екі күн болды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Нәрестелерді құтқару үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ананың да, балалардың да жағдайы жақсарып кетеді деп үміттенеміз", - деді  бас дәрігер Хушнуд Баходурзода.

Айта кетейік, Тәжікстанда осыған дейін алты сәби бір уақытта өмірге келген жағдайлар тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға