29.11.2025
21:36
807
Зорлық-зомбылыққа қарсы акция: елордада ғимараттар ерекше түске боялды

Зорлық-зомбылыққа қарсы акция: елордада ғимараттар ерекше түске боялды

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысандарына қызғылт-сары түсті жарық жағылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады. Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды.

Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.