Зорлық-зомбылық туралы заңды қатаңдату керек пе? Сенат Төрағасы жауап берді

10 Қараша 2023, 13:24 1377

Елімізде зорлық-зомбылыққа көбейіп кеткеніне қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Соңғы жылдары елімізде зорлық-зомбылық фактілері көбейіп кетті. Осындай қылмыс жасағандар үшін жауапкершілікті күшейту керек пе? Қоғам заңнаманы күшейту керек деген бастама көтерсе, біз заңды күшейтуге дайынбыз. Бірақ тек қана заңнаманы өзгертумен бұл мәселені шеше алмаймыз. Жастарымыздың арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуге мән беруіміз керек, - деді Әшімбаев.

Айта кетейік, Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нұкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: