Зорлау ісі бойынша күдіктінің изолятордан қашуы: оқиғаның мән-жайы айтылды

23 Қазан, 10:00 9437

Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

КТК телеарнасы мәліметінше, 26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікке ілініп, сол үшін ұсталған. Көршілерінің айтуынша, қашқын бұрын да жауапқа тартылған. Содан кейін ол анасымен бірге тұрып жатқан. Жақында әйел сегізінші сыныпта оқитын немересін өз үйіне алдыртқан. Күдікті сол қызды зорлағаны айтылады. Бұл туралы алдымен қыз оқитын мектептің мұғалімдері білген.

Күдіктіге жиені болып келетін қыз. Ол тіпті жақын адамдарына зорлау туралы айтпаған. Себебі күдікті онымен бір үйде тұрған. Жәбірленушінің мұғалімдері зорлау туралы біліп қалған. Олар деректі анасына айтады. Зорлау оқиғасы жазғы демалыста үйде болған, – дейді Фатима Өтемісова.

Дүйсенбіде Талғар аудандық Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторынан ер адам қашып кеткен. Айналасы биік қоршау және тікенек сыммен қоршалған ғимарат Талғар орталығына жақын орналасқан. Күдіктінің жоқтығы сағат 17.00-де байқалған.

Барлық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Түнде қаладан шығатын жолдарда бақылау-өткізу бекеттері қойылған. Қашқынның үйі бақылауға алынды. Қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция басқарамасы аумағында көптеген бейнекамералар орнатылған, бақылау-өткізу бекетінде кезекші күзетшілер бар. Бірақ күдіктінің тергеу изоляторынан қалай шығып кеткенін ешкім түсіндіре алмаған.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, адамдардан сұрастырып жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Қашқынның бойы 180 сантиметрдей. Денелі, шашы қара, қысқа. Ер адам қара киім мен аяқкиім киген. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін ғана емес, қашып кеткені үшін де жауап беруге мәжбүр болады.

Егер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: