Зиянды әрі қауіпті тағам қоспаларын білесіз бе?

25 Желтоқсан 2020, 15:28 8889

Қандай тағам алсаңызда құрамын мұқият оқуды ұмытпаңыз

Біз не жеп жүрміз? Дүкен сөрелеріндегі әсіресе консерві өнімдерін сатып алғанда құрамына мұқият зер салып, танысып шығасыз ба? Бәлкім, танысқанның күннің өзінде олардың құрамындағы зиянды қоспаларға назар аудармайтын боларсыз. Бәлкім, ол қоспалардың сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетін уытты әсері барын білмейтін де шығарсыз? Ал, көздің жауын алатын қызылды-жасылды кондитерлік өнімдері ше? Олай болса төменде келтірілген зиянды әрі қауіпті тағамдық қоспалардың түрі мен атауын біле жүреңіз. Ең абзалы жадыңызға түйіп алыңыз.

E атауымен аталған кез-келген қоспа денсаулыққа қауіпті.


Е-102 қоспасы

Тартразин антиденелері мен эритроциттерін өндіруге қолданылады. Яғни, алтын сары түс беретін кондитерлік өнімдер мен өзге де сары, қыша, йогурт, сорпа, жемістер мен көкөніс консервілерінде кездеседі. Қоспаның кесірінен балаларда аллергиялық бөртпелер пайда болуы мүмкін. Шектен тыс гиперактивтілік және зейіннің нашарлауы, бас ауруы, қалқанша безінің ауруы туындайды.

E-103, альканин, алканет

Көптеген елдерде тыйым салынған қоспа. Қою қызыл түсті кондитерлік өнімдер мен кремдерде кездеседі. Шырышты қабықты тітіркендіреді, канцерогенді тағам қатарында саналады.


E-104, сары хинолин. Өте қауіпті.

Көптеген Еуропа елдерінде тыйым салынған қоспа. АҚШ, Жапония, Австралия, Норвегия қатаң тиым салған. Ресейде және Украинада сары-жасыл ысталған балықтарға, сусындарға, түрлі-түсті дражелерге, кәмпиттерге, сағызға рұқсат етіледі. Балалардың гиперактивтілігі, есекжем, терінің қабынуы, астмасы бар адамдарда тұншығу болуы мүмкін.

E-105 қоспасы

Аспиринге төзімі төмен адамдар үшін қауіпті. Сары түсті AB High, көптеген Еуропа елдерінде, Украинада, Ресейде, АҚШ-та тыйым салынған. Бұл қоспа Шығыс елдерінде белсенді қолданылады. Көбінесе, сары кондитерлік өнімдер мен сары түсті сусындарда кездесуі мүмкін. Оның организмге уытты әсер бар, қатерлі түзілімдердің көбеюіне әкеледі.

Е-106 

Рибофлавин-5-фосфат, Еуропада, Ресейде, АҚШ-та, Канадада тыйым салынған. Оның да түсі сары. Құрамында осы қоспа бар пигментті сары өнімдер аллергияға шалдықтырады. Бүйрек функциясының бұзылуын, көру қабілетінің төмендеуін тудырады. Ресейде, Австрияда, Швейцарияда, Норвегияда, Швецияда, Жапонияда тыйым салынған. Рұқсат етілген елдерде апельсин, ірімшік тұздықтары, балық консервілері, қабықшалар, шығыс дәмдеуіштері, пакеттегі сорпалар, глазурь, балмұздақ, джем, мармелад, сусындарда кездесуі мүмкін. Зияны: аллергия, жүрек айну, мұрыннан су ағу, бүйрек ісінуі, хромосомалардың зақымдануы, ас қорыту, балаларда концентрацияның нашарлауы.


E-111, Orange GGN, альфа-нафтол апельсині

Көптеген әлем елдерінде тыйым салынған апельсин бояуы көбінесе ысталған балық, тез дайындалатын сорпа тағамдарында кездеседі.

E-116 қоспасы

E-116 өте уытты қоспа. Ол пропил эфирі деп те аталады. Ресей Федерациясында тыйым салынған. Көбінсе өндірушілер бұл қауіпті қоспаны консерві өнімдеріне қосады. Кез-келген консверіленген өнімді тұтынбас бұрын құрамын мұқият оқуды ұмытпаңыз.


Е-117 қоспасы

Бұл қоспаны бүркемелеу үшін өндірушілер натрий тұзы деп көрсетуі де мүмкін. Е-117 қоспасын тағамдық өнімдерге қолдануды Ресей тыйым салған. Бұл да консерві өнімдерінде кездесуі мүмкін. Сақ болыңыздар.

Е-120 өте қауіпті қоспа

Аталмыш қоспа кармин деп аталады. Денсаулық үшін өте қауіпті қоспалар санатында. РФ, Украина, Еуропа, АҚШ-та рұқсат етілген. Түсі қып-қызыл болып келеді. Қызыл балық, ет, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдерде, алкогольді және алкогольсіз сусындарда, шұжықтар мен тұздықтарда, кетчуптар мен глазурь өнімдерінде, шырын, желе сындлы тағамдарда кездеседі. Кармин қосылған өнімдер бірінші кезекте аллергия тудыруы мүмкін. Жоғарыда жіктелген өнімдерді тұтынбас бұрын, мүұият құрамын оқуды, зерделуде ұмытпаңыз.

E-121 қоспасы

Қызыл түсті бұл қоспа цитрус болып саналады. Ресей мен бірқатар елдерде тыйым салынған. Қоспа қою қызыл түс беретіндіктен апельсин қабығында, сода мен балмұздақтарда кездесуі бек мүмкін.


Е-122 қоспасы

Қатерлі ісік ауруларының асқынуын туғызатын Е-122 қоспасы азорубин, кармоизин деп те аталады. Көптеген елдерде тыйым салынған өнім. Қызыл, қызыл қоңыр джемдер, сироптар, мармелад, кондитерлік өнімдер, шырындар, қызыл сусындарда кездеседі. Аллергиялық бөртпелер, астма және аспиринге аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті.

E-123 қоспасы

Канцероген немесе амарант деп аталуы да мүмкін. Еуропада, Ресейде, АҚШ-та тыйым салынған. Қызыл-қоңыр, қызыл-көк, қызыл-күлгін губка торты, алкогольсіз сусындар, жарма, желелерде кездесуі мүмкін. Аллергиялық ринит пен есекжем ауруын тудырады, бүйрекке, бауырға теріс әсер етеді. Аспиринге аллергиясы бар адамдар мейілінше аулақ болғаны абзал.

(Жалғасы бар)

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: