30.10.2025
05:18
615
Зілтемірші Нұржан Жұмабай Азиадада екінші медалін жеңіп алды

Зілтемірші Нұржан Жұмабай Азиадада екінші медалін жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ауыр атлет Нұржан Жұмабай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл жолы ол 79 келіге дейінгі салмақта серпе көтеруде екінші орынға ие болды.

Жұмабай өзінің үздік мүмкіндігінде 176 келіні еңсерді.