Сағат 15.51-де Жетікөл ауылынан 5 шақырым жерде «Қарақұдық« қыстағында «Жарас« шаруа қожалығына тиесілі аумақта үш үйілген пішен (600 тоннадай) отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 1 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 24 адам (3 техника) жұмылдырылды. «Тілсіз жау« бүгін сағат 07.48-де оқшауланып, 08.44-те ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.