Жыныстық құлдықта болған оқушы ісі: тағы бір үкім шықты

Кеше, 20:03 287

Қызылордада сексуалдық құлдықта болған 16 жастағы оқушының ісіне қатысты тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Ж.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды (ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары).

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді, - делінген мәліметте.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті.

Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.

ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.
ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Зарина Арман
Бөлісу: