Жыныстық құлдықта болған оқушы ісі: ІІМ басшысы жаңа мәліметтерді жариялады

21 Қараша, 14:46 877

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылорда облысындағы жыныстық құлдықта болған 16 жастағы оқушының ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының сөзінше, іс бойынша күдіктілер саны өзгермеген – 13 адам.

Тоғыз қылмыстық істің бесеуі аяқталды. Жалпы бірнеше іс қаралып жатыр. Соңында істер сотқа жіберіліп, нүкте қоямыз, - деді министр.

Естеріңізде болса, тамыз айында Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған деген ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Осыдан біраз күн бұрын айыпталушылардың біріне сот үкімі шықты: ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ал Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл отбасының бақылауда екенін айтып, басқа пәтерге көшуді ұсынғанын атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: