"Жыныс мүшесін көсеумен күйдірген": Алматыда зорланған егіз қыздардың тағы бір бауыры зорлық көрген

9 Қазан 2023, 10:23 16900

Балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ сол отбасының басқа балалары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Омбдусменнің айтуынша, бұл отбасының балалары өте ауыр жағдайларды бастан өткізген. 

Бұл отбасының балаларының бастан кешкені – тозақ. Бұл сол отбасындағы 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған сұмдық қылмыс үшін жазасыздықтың, маскүнемдіктің және деградацияның нәтижесі. Кеше полиция департаментімен, ауданның КТІИ, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік. Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерін) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойыеша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап "Азаптау" болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді, делінген жазбада.

Бірақ,️біріншіден, менің ойымша, іс дұрыс емес баппен қозғалды (110-баптың орнына 140-бап) және де баланың анасы өгей әкесімен бірге күйдіргенін мойындағанына қарамастан (бұл іс материалдарында бар), іс тек анасына қатысты қозғалды.

Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұл ғана салды. Нәтижесінде бала үйден оқытуға ауыстырылды және бұл сұмдық жағдайда ол тағы екі жыл өмір сүрді. Қазір анықталғандай, қызды зорлаудың белгілерін жасыру үшін күйдірген болу керек. Екі жыл бұрын кінәлі "Азаптау" бабы бойынша жазаланып, отырғызылса, үш баланы құтқарып қалуға болушы еді. Балалардың басынан не өткенін ойласаң, жан түршігеді. Осыған байланысты тексеріс жүргізуді және осы бұзушылықтарға жауапты тұлғалардың бәрін жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұған қажетті шаралардың бәрін мемлекеттік органдармен бірге қабылдайтын боламыз. Осы жан түршігерлік жағдайды талдау және біз күн сайын көріп жүрген жаңалықтар тізбегі Президенттің зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмаларының, сондай-ақ алдын алу шараларының қажеттілігі мен уақтылылығын көрсетеді, деп жазды Динара Зәкиева.

Президент тапсырмасымен осы нормалардың барлығын мемлекеттік органдармен және AMANAT фракциясының Парламент депутаттарымен бірге өткен айда ұсынылған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жүйесін енгізу жөніндегі заң жобасына енгізгенін атап өтті. Бұл жағдай және жалпы статистика тағы бір мәселенің бетін ашады. Бүгінде ІІМ мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен, алкогольдік масаңдықпен және тұрмыстың қолайсыздығымен байланысты. Ал мұндай қылмыстар күн сайын 342 адамға қатысты жасалады. Әрқайсысының артында әйелдің, баланың өмірі мен бұзылған тағдыры жатыр. 

Бүгінгі күні мұндай қылмыстардың тамыры мен негізгі зұлымдығы осыда. Бірнеше өңірде, мысалы, Жетісудың  кейбір ауылдарында және Түркістан облысының 14 ауылында алкоголь сатуға тыйым салынғанын және қылмыстың жоқтың қасы екенін білемін, - деп жазды ол.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: