Жылыту маусымы: елордада жер үйлердің қауіпсіздігі тексерілді

Бүгiн, 16:50 121

Елордада өрттердің алдын алу және азайту мақсатында Астана қаласы ТЖД департаменті тарапынан жыл сайын жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоспарды іске асыру басталғаннан бастап, бірінші кезекте профилактикалық іс-шаралар халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) және барак үлгісіндегі тұрғын үйлердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізіледі. Алдын алу аулаларды аралау жолымен жүзеге асырылады, оның шеңберінде тұрғындарға жадынамалар тапсырылады және пешті жылыту мен электр желілерін ұстау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріледі.

Департаменттің есебінде қазіргі уақытта аулаларды аралаумен толық қамтылған 750 әлеуметтік осал топтағы отбасы бар. 168 үйде көміртегі тотығы датчиктері орнатылды, қалған 582 үйде сыртқы тексеру және батареяларды ауыстыру жүргізілді, - дейді ол брифинг барысында.

Сөзін жалғай отырып, 20 қыркүйектен бастап барак үлгісіндегі үйлер мен жатақханаларды аралау басталғанын айтты. 1065 барак үлгісіндегі тұрғын үйлердің ішінде 714 үй тексерілді, осы объектілерді аралау жалғасуда.

15 тамыздан бастап жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде 4 265 үй профилактикалық аралаумен қамтылды, 8 мыңға жуық бұзушылық анықталды (олардың ішінде 24%-ы жылыту жүйелеріне және 35%-ы электр энергиясына қатысты), оның 2 150-і сол жерде жойылды. Департамент анықталған бұзушылықтардың орындалуын бақылауды қарастырмайтынын атап өткен жөн, - дейді Мадияр Мырзагелдиев.

Сөз соңында ол балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертіп өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: