Жылу желілерін қайта жаңарту: министр өңірлердегі он проблемалық учаскені атады

19 Қыркүйек 2023, 11:07 830

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында биыл 133 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 109,5 миллиард теңге бөлінгенін және осыған қатысты бірқатар өңірде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмау қаупі байқалатын он проблемалық учаске барын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күнге жұмыстар 78%-ға орындалды немесе 103 шақырым жылу желілері салынды. Маңғыстау облысында екі жобаны іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді (1 ауыспалы жоба). Бүгінгі таңда жоспарланған 5,1 шақырымның тек жүз метрі төселген. Құбыр өнімдерінің қажетті көлемі болмауда. Осындай жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да байқалады. Петропавл қаласында бір жоба бойынша (ауыспалы) жоспарланған 1,3 шақырымның екі жүз метрі ғана төселген (жеткізу мерзімі 30 қыркүйек), – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында екі жобадан, сондай-ақ Шымкент қаласында бір жоба бойынша жоспардың орындалуы жетпіс пайыздан төмен екенін айтты.

Жоғарыда аталған жобалар бойынша жөндеу жұмыстарының аяқталмау және жылыту маусымында көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауына әсер ету қаупі жоғары. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жобаларды аяқтау бойынша жедел шараларды қабылдауы қажет, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: