«Жылдың үздік баспасөз қызметі» сыйлығының иегерлері анықталды

28 Қазан 2022, 18:02 1441

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі мәлім етті

«Astana Media Week» медиа апталығының аясында «Жылдың үздік баспасөз қызметі» және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты, деп хабарлайды El.kz

"Медиа апталық алдында журналистер арасында сауалнама жүргізілген болатын. Нәтижесінде «Жылдың үздік баспасөз қызметі» номинациясысына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ие болды. Сонымен бірге медиа саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшинова, Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Жансая Хамитқызы, Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров және Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Марина Шаповалова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімді марапаттарымен құттықтаймын!", - деп жазды министр Дархан Қыдырәлі желідегі парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: