«Жылап отырған жоқпыз ба?». Әнші Тұрар Сара Амангелдімен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты

23 Қазан 2023, 14:05 1914

Әнші Тұрар Ыдырыс «Өзіміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында өзін актриса Сара Амангелдімен не байланыстыратыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біріншіден, екеуміздің де басымыз бос, құрдаспыз. Басында бір-бірімізді тек сырттай танитын едік. Сара мені қатты өзінше деп ойлапты. Біз алдын ала басымыз бос екенін біліп алып, келісіп, арамызда махаббат бардай ойнатып жібердік, - деді әнші.

Тұрар Ыдырыс шынында Сара Амангелдіге деген махаббат пайда болса, қуанатынын алға тартады. 

Егер сезім пайда болса, қуанар едім. Жоқ қой енді, жылап отырған жоқпыз ба? Қатты бір интрига ұстағым келмейді. Бірақ Сара өте жақсы қыз. Ауылдағы туыстарым инстаграмнан көріп «Тұрар, бізді тойға шақыруды ұмытып кеттің бе?» деп айтады. Анам да «қандай жақсы қыз» дейді. Содан мен «Мама, тоқтай тұршы. Қасыма жолап кеткен қыздың бәрін жақсы дей бермеші» дедім, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Тұрар Ыдырыс болашақ жарына қандай талап қоятыны туралы да айтқан еді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: