Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 16,3% өсті

9 Маусым 2022, 19:00 2042

Осы айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,4%-дан, жыл басынан бері – 16,3% өсті, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда 19,9% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 7,1 пайызға жоғары. Бір апта ішінде құмшекер – 3,1% - пияз – 1,9% - картоп – 1,2% қымбаттады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе. Қазір сары май – 3177 теңгеден, сиыр еті – 2169 тг, сүзбе – 1667 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді


Бөлісу: