27.07.2022
17:30
2418
Жыл басынан бері 785 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

Жыл басынан бері 785 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

Елімізде жарты жылдың ішінде 785 адам коронавирус салдарынан мерт болды. Аталған статистиканы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник жария етті,– деп хабарлайды El.kz.

– Биыл 6 айда КВИ-дан 785 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көбінесе қаңтар-ақпан айында болды. Атап айтқанда, қаңтарда коронавирус салдарынан 311 адам қайтыс болды, ақпанда - 411, наурызда - 54, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда - 1 және шілде айында 3 пациент мерт болды, – деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканың күнделікті жарияланбауына қатысты түсінік берді.

– Маусымнан бастап коронавирус бойынша өлім-жітім азайды. Статистиканы күнделікті жариялаудың қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырып, арты өлімге алып келген жағдайларға қатысты мәлімет бойынша министрлікке жүгінуге болады, – деді Айжан Есмағамбетова брифингіде.