Жыл басынан бері Қазақстан 160 елмен сауда жасады

4 Шілде 2022, 16:55 1039

Қазақстанның тауар айналымы $39,7 млрд құрады

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-сәуірде $39,7 млрд құрады, деп хабарлайды El.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,8% - ға жоғары ($28,2 млрд). 2022 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстаннан экспорт 59,8% - ға өсіп, $26,5 млрд құрады. Ал импорт 13,7%-ға өсіп, $13,2 млрд құрады. 2022 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан 160 елмен сауда жасады.


Бөлісу: