Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған.
Сыйлық шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерді анықтап, оларды марапаттау мақсатында тағайындалды.
Аталмыш сыйлық 15 номинация бойынша табысталады:
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін «Qazvolunteer.kz» сайтында жүзеге асырылады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелерін және қажетті құжаттар тізімін «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz сайтынан көруге болады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары).
Сілтеме: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000021420