18.07.2025
12:45
1961
«Жыл мұғалімі» атанған педагог оқушыларды зорлап келген

«Жыл мұғалімі» атанған педагог оқушыларды зорлап келген

АҚШ-та «Жыл мұғалімі» атанған педагог оқушыларды азғырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

АҚШ-тың Флорида штатында 57 жастағы бұрынғы мұғалім Мигель Бенавенте бірнеше жыл бойы  оқушыларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін тұтқындалды. Тергеу барысында анықталғандай, ол алғаш рет жәбірленушімен жеті жаста болғанда танысып, төрт жыл бойы баланы бірнеше рет азғындық әрекетке тартқан. Жәбірленуші оны «нағыз құбыжық» деп атап, мұғалімнің үйіне басқа да балаларды ертіп келіп жүргенін, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы видеоларды көруге мәжбүрлегенін айтты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бенавенте балаларды алдап, сабақты сылтау етіп үйіне шақырып отырған. Қазіргі таңда нақты қанша оқушы жапа шеккені белгісіз.

Айта кетерлігі, Мигель Бенавенте 2000 жылы да 14 жасар балаға қатысты осындай сипаттағы қылмысқа күдікті болған. Ол кезде де ұстаз балаға эротикалық бейнематериал көрсеткен. Соған қарамастан, Бенавенте ұстаздық қызметін жалғастырып, 2002 жылы «Жыл мұғалімі» атағын иеленген. Қазір күдікті қамауда.

Бұған дейін әйеліне 258 рет пышақ сұғып өлтірген ер адам туралы жазған едік.