31.12.2024
21:15
859
Жыл басынан бері төтенше жағдайда 67 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілген

Жыл басынан бері төтенше жағдайда 67 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілген

Жыл басынан бастап Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 83 мыңнан астам рет шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы операциялар барысында 14 мыңнан астам адам құтқарылған. Сондай-ақ, 67 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұдан бөлек, 5 мыңнан астам зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 45 мың бала құтқарылды және эвакуацияланғаны белгілі болды.