20.05.2025
14:42
633
Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала терезеден құлап кеткен

Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала терезеден құлап кеткен

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау фактілерінің жиілеуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері 19 мамырға дейін 60 бала терезеден құлаған. Оның ішінде 5 бала көз жұмған. 55 бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

2024 жылы осындай 196 жазатайым жағдай тіркелді. Ең көп зардап шегетіндер – үлкендердің қарауынсыз қалатын 2-13 жас аралығындағы балалар,-делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.