2023 жылдың басынан бері 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3%-і – Қытайдан, 6,3%-і – Түрікменстаннан, 5,3%-і – Моңғолиядан, 13%-і – Ресейден және 3,7%-і басқа елдерден келді, - делінген хабарламада.