Жыл басынан бері қанша бала терезеден құлады

20 Мамыр, 18:05 637

Жыл басынан бері 101 бала терезеден құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24.kz-тің мәліметінше, жыл сайын үш жүзге жуық бала терезеден құлайды, мерт болғандары да бар. Өткен жылы мың жарымға жуық жан терезеге телміремін деп, төменге құлап кетті. Оның 507-сі бала. Өкінішке қарай, 26-сы қайғылы аяқталды.

Ал 2022 жылы 250 бала мертігіп, 21 бала мерт болған. Бұдан 3 жыл бұрын 260 бала мертігіп, 28 бала көз жұмды. 

ҰШМҮО басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Асхат Сапаровтың айтуынша, терезеден құлап мерт болған балалар саны жылдан жылға өсіп келеді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: