Жыл басынан бері елімізде 4 мыңға жуық төтенше жағдай тіркелген

29 Мамыр 2023, 18:00 778
 
Дереу қабылданған шешімдердің нәтижесінде зардап шегушілер 8,8 пайызға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
ТЖМ бөлімшелері 22 мыңнан астам жұмыс атқарған. Бес мыңнан астам адам құтқарылып, 5 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Сонымен қатар 1,5 мың адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
2023 жылғы өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 146 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% аз. Өрттің ауданы 24 мыңға жуық гектарды, ал өрттен келтірілген залал 66 млн теңгеден аса қаражатты құрады, - деді вице-министр.
 
Миражан Махан
Бөлісу: