Жыл басынан бері Қазақстанда 21 мыңнан аса жаңа ғимарат салынды

24 Тамыз 2022, 15:06 758

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,8%-ға төмендеді

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 21 765 жаңа ғимарат салынды, оның ішінде тұрғын үйлердің үлесі – 95,7%. Бұл туралы Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстан бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,8%-ға төмендеді.

Өңірлер арасында ең көп төмендеу Ұлытау облысында байқалды – минус 52,3%, екінші орында Маңғыстау облысы – минус 20,7%, үшінші орында Алматы қаласы – минус 13%. Сондай-ақ төмен көрсеткіш Атырау (-8,7%), Жетісу облыстарында (-3,9%) және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,7%) тіркелді. Бұлардан өзге өңірлердің барлығында өсім байқалған. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында, онда тұрғын үй құрылысының қарқыны 20,3%-ға өскен.

Бөлісу: