Жыл басынан бері 7 әскери қызметші мен 2 курсант суицид жасаған

15 Маусым 2023, 16:53 661

Жыл басталғалы әскерде 9 суицид жасау фактісі тіркелді. Толығырақ Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл келісімшарт бойынша жұмыс істеген 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Өкінішке қарай, одан бөлек 2 курсант суицид жасады. Олар әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыды. Біреуі демалыста жүргенде мерт болды, себеп - махаббат. Ал екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған. Біреуі бесінші курста, екіншісі бірінші курста оқып жатты, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, вице-министр әскердегі суицидке кім жауапты деген сауалға пікір білдірді.

Бұл жерде әр суицидтік жағдайды бөлек қарау керек. Отбасылық-тұрмыстық, қаржылық проблемалардың салдарынан жасалған суицид негізінен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер арасында болады. Бұл жерде командирлердің кінәсі жоқ. Ал әскери міндетін өтеуші сарбаздар үшін командирлер толық жауапты, - дейді министрдің орынбасары.

Равиль Ашығали
Бөлісу: