04.01.2023
16:11
1169
Жыл басталғалы 116 адам апаттан зардап шекті

Жыл басталғалы 116 адам апаттан зардап шекті

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде ҚР жолдарында және өңірлердің төтенше жағдайлар қызметі қызмет көрсеткен 116 адам апаттан зардап шекті, оның ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел, 76 адам стационарға жеткізілді, 9 адам қаза тапты. Жолдарда зардап шеккендердің барлығына амбулаториялық және стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.